Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» Мәскеудің «Динамосынан» жеңілді

ҚХЛ: «Барыс» Мәскеудің «Динамосынан» жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

ҚХЛ тұрақты маусымындағы сырт алаңда елордалық «Барыс» мәскеулік «Динамодан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздар қатарында Джордан Уил, Максим Джиошвили және Егор Мартынов гол соқты.

«Барыс» сапында шабуылшылар Никита Михайлис пен Дмитрий Шевченко көзге түсті.

Осы жеңілісінен кейін Андрей Скабелка командасы турнир кестесінде он бірінші орында қалды.

Еске салайық, 5 ақпанда «Барыс» Мәскеуде ЦСКА-мен кездеседі.

«Динамо» (Мәскеу, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер