«Елімай» Нигерия елінің футболшысын қатарына қосуы мүмкін

«Елімай» Нигерия елінің футболшысын қатарына қосуы мүмкін

Prosports.kz cайтына белгілі болғандай, 23 жастағы нигериялық шабуылшы Стэнли Нкоби мансабын «Елімайда» жалғастыруы мүмкін.

Ойыншы семейлік клубтың оқу-жаттығу жиынында.

2020 жылы Нкоби Түркістан облысының «Арыс» клубында ойнап, 12 матчта алты гол соқты. Клубқа алғаш рет Премьер-лигаға шығуға көмектесті. Футболшы талдықорғандық «Жетісу» сапында да өнер көрсетті.

Футболшының соңғы клубы Яссы болды. Түркістандық клуб сапында ол тоғыз матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или