«Тоттенхэм» «Спортинг» қорғаушысы Порроны 45 миллион еуроға сатып алды

«Тоттенхэм» «Спортинг» қорғаушысы Порроны 45 миллион еуроға сатып алды

«Тоттенхэм» ұзақ келіссөздерден кейін «Спортинг» қорғаушысы Педро Порроның трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клуб 23 жастағы испаниялық футболшы үшін 45 миллион еуро төлейді. Ойыншы жеке келісімшарт жасасу үшін бүгін Лондонға келеді.

Осы маусымда Порро команда сапында 26 матчта 3 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0