Қазақстандық клуб қатарына екі ойыншыны қосты

Қазақстандық клуб қатарына екі ойыншыны қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Қызыл-Жар» ФК екі футболшыны қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иван Граф хорватия футболының түлегі. Отанында «Врапце», «Лукко», «НК Загреб» және «Истра 1961» командалары құрамында ойнаған. Кейін Украиналық «Таврия» клубында шеберлігін шыңдады. Қазақстанда Иван «Ертіс» және «Қайсар» командалары сапындағы ойынымен танымал. Соңғы екі маусымда қорғаушы Қарағандылық «Шахтер» клубы қатарында ойнап, 43 кездесуде, 2 гол салған.

Младен Веселинович Босния футболының түлегі. Отанында «Слобода», «Борац Баня-Лука», және «Железничар» командалары сапында ойнаған. Сонымен қатар жартылай қорғаушы Чехияда «Баник мост» клубында доп тепкен. Младен өткен маусымды «Тузла-Сити» қатарында аяқтады. Босниялық клуб сапында 13 ойын өткізген екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер