Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Химкиге» ауысады

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Химкиге» ауысады

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Лев Скворцов жақында ресейлік «Химкиге» ауысады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты<span> </span>«РБ Спорт»-қа сілтеме жасап.

Ойыншымен келісімшарт 1,5 жылға жасалады. Қос тарап келіссөзді аяқтауға жақын. Футболшы командамен бірге екі оқу-жаттығу жиынына қатысып, жаттықтырушылар штабының көңілінен шықты.

Скворцов Қазақстан жастар құрамасы сапында 18 кездесуге қатысқан. Transfermarkt порталы ойыншының трансфелрік құнын 200 000 еуроға бағалайды.

Лев Скворцов қазір «Тұран» сапында ойнайды. Бұған дейін «Астана» мен «Атырауда» доп тепкен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или