Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы «Ақтөбемен» келісімшарт ұзартты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко «Ақтөбемен» келісім-шарт ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ойыншы үшінші маусымды ақтөбелік клубта өткізеді.
2021 жылдан бері Дима «Ақтөбе» сапында 36 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берді.
«Ақтөбе» Шомконың команда сапында қалғанына өте қуанышты және оның шеберлігі мен тәжірибесі еурокубок шайқастарында бізге көмектесетініне сенеді», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или