ММА

Конор Макгрегор октагонға қашан оралады

Конор Макгрегор октагонға қашан оралады

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегордың жаттықтырушысы Джон Кавана ирландиялық файтер октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Конор жақын арада жекпе-жек өткізе бастайды.

«Конор орала ма? Мен оған бәс тігуге дайынмын. Қазір қызықты келіссөз жүріп жатыр деп ойлаймын. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын, бірақ жақын арада Конорды октагоннан қайта көретінімізге сенімдімін», — деп келтіреді Кавананың сөзін MMAJunkie.

Айта кетейік, ирландиялық файтер 2021 жылы жазында өткен UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеден жеңілген соң октагонға шыққан жоқ. Сол жекпе-жекте Макгрегор аяғын сындырып алған. 34 жастағы Конор 28 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жетті және алты рет жеңіліске ұшырады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Конор Энтони Макгрегор

Конор Энтони Макгрегор

Макгрегор үздік сәттер, бәс тігу. Жекпе-жекті онлайн көру. Болжам қандай?

Пікірлер 0