Теннис

Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет топ-10 қатарына енуге жақын тұр

Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет топ-10 қатарына енуге жақын тұр

Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға енуге жақын тұр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дәл қазіргі сәтте қазақстандық теннисші 25-тен 12-орынға көтерілді.

Ол бұдан бір жыл бұрын 12-сатыға шыққан еді, яғни үздік көрсеткішін қайталап отыр.

Егер Рыбакина финалға шықса, онда үздік ондыққа кіреді. Бұрын-соңды қазақстандық теннисшілер мұндай биікке шығып көрген емес. Негізі өзі жеңімпаз атанған Уимблдон турнирінің рейтингілік ұпайлары есептелгенде, Елена өткен жылы-ақ үздік ондыққа енетін еді.

Фото: Сhampionat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0