Бокс

Лиам Смит Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

Лиам Смит Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

Британдық кәсіпқой боксшы Лиам Смит отандасы кіші Крис Юбэнкты жеңгеннен кейін Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға ниет білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ретте Лиам кіші Крис Юбэнкке реванш жекпе-жегін беріп, Келл Брукпен жұдырықтасуға дайын.

«Юбэнкке бұл реванш керек пе, жоқ па, соны анықтауы өзі керек. Кез келген шайқасқа ашықпын. Менің жағдайым жақсы, менде көптеген қызықты нұсқалар бар.

Келл Бруктың менімен жекпе-жек өткізгісі келетінін естідім. Бұл жақсы жекпе-жек. Тағы бір нұсқа – Геннадий Головкин. Мен бірінші орта және орта дивизиондарда өнер көрсете аламын», - деп келтіреді Boxingnews24.com Лиам Смиттің сөзін.

Еске салайық, жақында Лиам Смит кіші Крис Юбанкты жеңіп, сенсациялық нәтиже тіркеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0