«Астана» сапына әлем чемпионы қосылды

«Астана» сапына әлем чемпионы қосылды

Astana Qazaqstan Team британдық чемпион Марк Кавендишпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Марк Кавендиш «Тур де Франстың» 34 кезеңінің жеңімпазы аңызға айналған Эдди Меркспен бірге тарихтағы ең табысты спринтерлердің бірі. Мансап барысында Кавендиш барлық үш Гранд Турдың, Тур де Франстың, Джиро д'Италияның және Вуэльта Испанияның «спринт жейдесін» жеңіп алды. Сондай-ақ 2011 жылы топтық жарыста Марк Кавендиш әлем чемпионы атанды.

Аяқталған 2022 маусымында Кавендиш Милан-Турин классикалық жарысында жеңіске жетті, сонымен қатар Джиро д'Италия, Оман туры және Біріккен Араб Әмірліктері турында кезеңдердің жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или