«Астана» черногориялық ойыншымен келісімшарт жасасты

«Астана» футбол клубы черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Жарко жанкүйерлерге етене таныс, жеті дүркін чемпион атанған клуб сапында өнер көрсетті: 2019-2021 жылдар аралығында Томашевич «Астана» намысын қорғады.
Елордалық құрам сапында ол 46 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді, ал Черногория құрамасында 50-ден астам ойын өткізіп, 5 гол соқты, - деп жазды клубтың баспаөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или