Қысқы

Биатлоншы Вадим Куралес универсиада алтын жүлдесі жайында пікір білдірді

Биатлоншы Вадим Куралес универсиада алтын жүлдесі жайында пікір білдірді

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада алғашқы алтын жүлдесінен кейін қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, 14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.

«Жарыс барысында нысана көздеуге көбірек көңіл бөлдім. Кейбірі ойлағандай болған жоқ. Бір мәрте нысанадан мүлт кеттім. Әлі де жұмыс жасайтын кемшілігім бар. Сол бағытта жұмыс жасаймын. Алда еліміз үшін маңызды сайыс бар. Наурыз айында Щучинск қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты болады. Соған дайындықты пысықтайтын боламыз. Қашанда көп медаль алуды қалайсың. Оған жорамал жасау мүмкін емес. Жұмыс жасауымыз және күш салуымыз қажет. Ол нәтижесін береді», - деді Вадим Куралес.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0