Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

<span>Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>Турнирде жеті клуб өнер көрсетеді. Олар: «Реал Мадрид» (Испания), «Фламенго» (Бразилия), «Әл-‑Хилаль» (Сауд Арабиясы), «Әл-Ахли» (Египет), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия), «Сиэтл Саундерс» (АҚШ) және «Видад» (Марокко). Бірінші айналым 1 ақпанда басталады. Алғашқы матч «Әл-Ахли» мен «Окленд Сити» арасында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл кездесудің жеңімпазы келесі айналымға шығып, 4-ақпанда "Сиэтл Саундерс» клубымен ойнайды. </span>

<span>Аталға датада «Видад» мен «Әл-‑Хилаль» матчы да болмақ. Екі кездесудің жеңімпазы жартылай финалға шығады. Олар финалға берілетін жолдама үшін «Реал Мадрид» және «Фламенгомен» шеберлік байқасады. Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 11 ақпанда өтеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или