«Тұран» футбол клубының басшылығында өзгеріс болды

«Тұран» футбол клубының басшылығында өзгеріс болды. Бас директор міндетіне Әлібек Нұртаев тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Әлібек Нұрбайұлы 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін аяқтаған. Мансабын ОҚО Туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.</span>
<span>2013 жылы ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы қызметіне тағайындалды. Одан кейін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басшысы қызметін атқарды.</span>
<span>2018 жылы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2020 жылы Мәдениет және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметін атқарды.</span>
<span>2022 жылдан бастап Олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болды.</span>