Екінші лиганың үздік бомбардирі ҚПЛ клубына ауысты

Қызылордалық «Қайсар» сапына 21 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зүлфиқаров қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қайсар» Екінші лига-2022 үздік бомбардиріне бір жылдық келісімшарт ұсынды. Өткен маусымда жас шабуылшы «Тұран» жастар командасында өнер көрсетіп, Екінші лигада 19 кездесу өткізіп, 25 гол соққан. Айта кетейік, өткен маусымда Бақдәулет «<span>Aqtobe City</span>» қақпасына жеті гол соққан болатын.
Зүлфиқаров былтыр маусым айында «Каспийге» қарсы матчта ҚПЛ-дағы дебютін өткізіп, Премьер-Лигадағы алғашқы голын алаңға шыққаннан кейін 16 секундта «Астана» қақпасына соқты.
Бұған дейін Шымкент футболдың шәкірті «Қыран», «<span>Академия </span>Оңтүстік» жастар құрамасы мен минскілік <span>«Энергетик-БГУ»</span> командаларында өнер көрсеткен.