Екінші лиганың үздік бомбардирі ҚПЛ клубына ауысты

Екінші лиганың үздік бомбардирі ҚПЛ клубына ауысты

Қызылордалық «Қайсар» сапына 21 жастағы қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зүлфиқаров қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайсар» Екінші лига-2022 үздік бомбардиріне бір жылдық келісімшарт ұсынды. Өткен маусымда жас шабуылшы «Тұран» жастар командасында өнер көрсетіп, Екінші лигада 19 кездесу өткізіп, 25 гол соққан. Айта кетейік, өткен маусымда Бақдәулет «Aqtobe City» қақпасына жеті гол соққан болатын.

Зүлфиқаров былтыр маусым айында «Каспийге» қарсы матчта ҚПЛ-дағы дебютін өткізіп, Премьер-Лигадағы алғашқы голын алаңға шыққаннан кейін 16 секундта «Астана» қақпасына соқты.

Бұған дейін Шымкент футболдың шәкірті «Қыран», «Академия Оңтүстік» жастар құрамасы мен минскілік «Энергетик-БГУ» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0