Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге бастапқы кездесуін румыниялық Ана Богдан – ресейлік Ангелина Габуевамен өткізді.
Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Екінші сетте олар қарқынын үдетті – 6:2.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова 4 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. А.Богдан – А.Габуева 3 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе алған жоқ.
Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова жартылай финалға шығу үшін америкалық Николь Меличар-Мартинес – аустралиялық Саманта Стосурмен таласады.
Е.Рыбакина жекелей сында чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген еді.