Джокович мансабындағы 92-титулын жеңіп алды

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің бесінші ракаткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович 2023 жылғы маусымдағы алғашқы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джокович Аделаидада (Аустралия) өткен ATP-250 турнирінің чемпионы атанды. Бұл сербиялық спортшының ATP деңгейіндегі 92-жеңісі болатын. Джокович 92 титулға ие испаниялық Рафаэль Надальді қуып жетті.
Енді ойыншылар ең көп жеңіске жеткен теннисшілер рейтингісінде төртінші орынды бөлісіп отыр. Иван Лендл үшінші, Роджер Федерер екінші орында, ал көш басында Джимми Коннорс.
Ең көп титулға ие теннисшілер:
Джимми Коннорс - 109
Роджер Федерер – 103
Иван Лендл - 94
Рафаэль Надаль мен Новак Джокович – 92-ден.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или