Екі шетелдік клуб «Астана» ойыншысына көз тікті

Екі шетелдік клуб «Астана» ойыншысына  көз тікті

32 жастағы белорус қорғаушысы Артем Рахманов мансабын туған жерінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін оған Беларусьтің 15 дүркін чемпионы БАТЭ қызығушылық танытқаны белгілі болды. Енді, Pressball хабарлағандай, футболшыға Беларусь кубогының үш дүркін жеңімпазы, чемпионы Гомель де қызығып отыр.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-Лигасының 2022 жылғы маусымында Артем Рахманов Астанада чемпион атанған болатын. Ол барлығы 13 кездесу өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0