Ван Бастен Мессиді футбол тарихындағы үздік үш ойыншының қатарына қоспады

Ван Бастен Мессиді футбол тарихындағы үздік үш ойыншының қатарына қоспады

Марко ван Бастен футбол тарихындағы үздік 2 футболшының тізіміне ПСЖ мен Аргентина құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы Лионель Мессидің есімін қоспады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Пеле, Марадона және Кройфф - футбол тарихындағы үздік үш ойыншы. Бірақ мен Криштиану Роналдуды, Платиниді немесе Зиданды ұмытпаймын. Месси де тамаша ойыншы, бірақ Марадона әрқашан командада көбірек ықпалға, харизмаға ие болды, - деді ван Бастен France Football басылымына берген сұхбатында.

35 жастағы шабуылшы Катарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін туған жері Аргентинада демалыста болған. Месси 4 қаңтар, сәрсенбі күні париждік команда сапында оралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0