Командалық

«Астана» – «Зенит» матчының тікелей трансляциясы

«Астана» – «Зенит» матчының тікелей трансляциясы

7 қаңтарда «Астана» баскетболшылар ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өз алаңында «Зенитті» қабылдайды, деп жазады Prosports.kz.

«Астана» кейінгі ойынында «Самарадан» 51:99 есебімен жеңіліп қалды. «Астана» 18 кездесудің үшеуінде ғана жеңіске жетіп, турнирлік кестеде 11-орында тұр. Өз алаңында өткен 8 ойынның екеуінде ғана жеңіске жете алды. 

Ал «Зенит» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті. Бұған дейін «Минскті» 91:66 есебімен сенімді жеңді. «Зенит» 18 кездесуде 14 мәрте жеңіске жетіп, кестеде 3-орынға жайғасқан.  

Қос команда арасындағы кейінгі ойын 4 желтоқсанда өтті. Ол ойында «Зенит» 88:66 есебімен жеңіске жеткен. 

«Астана» – «Зенит» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.  Ойынды СІЛТЕМЕ 1СІЛТЕМЕ 2 арқылы көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0