Сауд Арабияда Роналдудың 2 миллион футболкасы сатылды

Сауд Арабияда Роналдудың 2 миллион футболкасы сатылды

Сауд Арабиясында Криштиану Роналдудың жергілікті «Аль-Наср» клубына ауысуы сауданың дамуына себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Marca басылымының хабарлауынша, Таяу Шығыс корольдігінің тұрғындары қазірдің өзінде «Аль-Насрмен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған Роналдудың нөмірі мен тегі жазылған 2 миллион футболка сатып алған.

3 қаңтарда Криштиану Роналду саудиялық клубтың ойыншысы ретінде таныстырылды. Алдымен португалдық жаңа клубында баспасөз мәслихатын өткізіп, одан кейін «Аль-Наср» клубының лық толы стадионына барды, жиналған жанкүйерлер футболшыны қошеметпен қарсы алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0