Теннис

Скатов United Cup-тағы Польшаға қарсы матчта есепті теңестірді

Скатов United Cup-тағы Польшаға қарсы матчта есепті теңестірді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Брисберндегі United Cup-та Польшаға қарсы матчта есепті теңестірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тимофей поляк Даниэль Михальскиді 7:6, 6:2 есебімен жеңді. Ойын 2 сағат, 11 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші үш эйс жасап, 10 брейк-поинттың екеуін орындады.

Осылайша, ол құраманы финал жолдамасына таласқа қайта әкелді. Алайда енді поляктарды жеңіп қана қоаймай, Швейцарияның соңғы турда жеңілгенін күтуіміз керек. 

Ертең Александр Бублик пен Жібек Кұламбаева кортқа шығады. Олар микстте де ел намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0