русский язык
ММА

Резников: Bellator лигасы ұсыныс жасады

Резников: Bellator лигасы ұсыныс жасады

АСА промоушнында өнер көрсететін қазақстандық файтер Артем Резников жеңіл салмақтағы Гран-приден кейінгі жоспарын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Гран-приден кейін АСА ұсынысы қандай болатынын көреміз. Маған Bellator өте жақсы ұсыныс жасады. Егер Гран-приді жеңіп алсам, ол одан да жақсы болуы мүмкін. Күтеміз, мүмкін UFC-ден де ұсыныс болар. Жасым 30-да, шетелде өнер көрсеткім келеді. Енді көп болғанда 6-7 жыл өнер көрсетемін. Осы спортта барлығын жеңіп алғым келеді», - деп келтіреді Резниковтің сөзін Sports.ru басылымы.

Айта кетейік, жеңіл салмақтағы AСА Гран-приінің финалында Артем Эдуард Вартанянмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;