Футбол аңызы Пеле дүниеден өтті

Футбол аңызы Пеле дүниеден өтті

Бразилия құрамасы сапында үш дүркін әлем чемпионы, футбол патшасы Пеле 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қаралы хабарды футболшының қызы Келли Кристина Насименту Instagram-парақшасында хабарлады.

Футболшыға 2021 жылдың тамызында тоқ ішек қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Пеле қарашадан бері ауруханада жатқан болатын. Желтоқсанның басында дәрігерлер оған химиотерапия көмектеспей жатқанын мәлімдеген еді. 

Ал 26 желтоқсанда спорт менеджері Фрэнк Халид Пеле отбасымен және достарымен қоштасып жатқанын хабарлаған.

Пеле 1958, 1962 және 1970 жылдары әлем чемпионы болып, Бразилия құрамасы сапындағы 92 матчта 11 гол соққан. ФИФА оны өткен ғасырдың үздік ойыншысы деп атаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или