«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Бүгін алматылық «Қайраттың» негізгі командасы осы жылғы қорытынды жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мереке қарсаңында «сары-қаралар» қысқа мерзімді демалысқа шығады және 8 қаңтарда клуб базасында қайта жиналады.
Команданың сапына шетелдік футболшылар – Жоао Пауло, Маки Баньяк, Давид Экве және Виктор Васин де оралатын болады.