Басқа

Әлем чемпионатының «күмісі» лайықты нәтиже - Динара Сәдуақасова

Әлем чемпионатының «күмісі» лайықты нәтиже - Динара Сәдуақасова

Қазақстандық шахматшы, Алматыда рапид бойынша әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Динара Сәдуақасова өзінің жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Турнирдің вице-чемпионы атанғанымды қуана сүйіншілеймін. Мен Қытай, Үндістан, Ресей және басқа да дәстүрлі шахмат елдерінің намысын қорғайтын әлемнің үздік спортшыларымен ойнауға мүмкіндік алдым. Жарыс қиын әрі тартысты өтті. Турнир қашықтығы – 11 ойыннан кейін мен және Қытайдан шыққан бұрынғы Әлем чемпионы Тань Чжунъи тең ұпай жинадық. Ал тай-брейктің соңында мен одан жеңіліп қалдым. Бір жыл бойы алаңға шықпағанымды ескерсек, әлем чемпионатының «күмісі» лайықты нәтиже деп есептеймін», - деп жазды Динара Сәдуақасова өзінің Instagram- дағы парақшасында.

Еске салсақ, Алматы қаласында шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова рапидтен күміс жүлдегер атанды. Осы жеңісімен Динараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Айта кетейік, шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты Алматыда 25 желтоқсан күні басталды. Жаһандық додаға 50 елдің үздік 290 шахматшысы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0