UNITED CUP: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің UNITED CUP турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс 29 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Брисбенде (Аустралия) өтеді.
Қазақстандық теннисшілер Польша және Швейцариямен кездеседі.
Польшаның құрамы: Ига Свёнтек, Хуберт Хуркач, Магда Линетт, Камиль Майхшак, Даниэль Михальский, Алиция Росольская, Лукаш Кубот.
Швейцарияның құрамы: Белинда Бенчич, Стэн Вавринка, Джил Тайхман, Марк-Андреа Хюслер, Илена Ин-Альбон, Доминик Стефан Штрикер, Джоан Цугер, Александер Ричард.
Турнирге Қазақстан атынан Александр Бублик, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Денис Евсеев, Гозаль Айнитдинова және Григорий Ломакин қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или