Теннис

UNITED CUP: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

UNITED CUP: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің UNITED CUP турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 29 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Брисбенде (Аустралия) өтеді.

Қазақстандық теннисшілер Польша және Швейцариямен кездеседі. 

Польшаның құрамы: Ига Свёнтек, Хуберт Хуркач, Магда Линетт, Камиль Майхшак, Даниэль Михальский, Алиция Росольская, Лукаш Кубот.

Швейцарияның құрамы: Белинда Бенчич, Стэн Вавринка, Джил Тайхман, Марк-Андреа Хюслер, Илена Ин-Альбон, Доминик Стефан Штрикер, Джоан Цугер, Александер Ричард.

Турнирге Қазақстан атынан Александр Бублик, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Денис Евсеев, Гозаль Айнитдинова және Григорий Ломакин қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0