Қазақстан кубогы: 1/2 финал ойындарының тікелей трансляциясы

24 желтоқсанда Семейде футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 12:00-де (қазір өтіп жатыр) «Абай Аренада» рудныйлық «Аят» пен ақтөбелік «Рахмет» кездеседі.
Финалға екінші жолдаманы алматылық «Қайрат» АФК мен «Ақтөбе» сарапқа салады. Бұл ойын елорда уақытымен 15:00-де басталады.
Екі матчты да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.