Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін келесі жылы наурыз айында өткізуі мүмкін, деп жазады Nur.kz.

<span>Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Бразилия өкілі Эскива Фалькао болуы мүмкін. Бұл туралы былғары қолғап шебері жергілікті басылымға берген сұхбатында айтқан. </span>

<span>Бразилиялықтың сөзінше, жекпе-жек келесі жылдың наурыз айына жоспарланған. Эскива Фалькао қаңтар айының басында АҚШ-қа барып, Головкинмен өтетін кездесуге дайындық жұмыстарын бастайды деп күтілуде. </span>

<span>«Жекпе-жек наурыз айының соңында өтеді деп күтілуде. Бұл IBF белгілеген мерзім болып табылады. Мен өзіме өте сенімдімін және осы жекпе-жекке немқұрайлы қарамаймын», - деді Эскива Фалькао. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или