Қазақстандық дзюдошылар Иерусалимдегі турнирдің финалына өте алмады

Иерусалимде өтіп жатқан Masters сериясы турнирінде Абылайхан Жұбаназар, Данияр Шамшаев және Жансай Смағұлов финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
73 келіге дейінгі салмақта Данияр Шамшаев өзбек спортшысы Хикматиллох Тураевтан жеңілді. Дәл осы салмақтағы Жансай Смағұлов өзбекстандық Обидхон Номоновтан жеңілді. Жұбаныш бнлдесуінде ол румыниялық Пеливан Петруға есе жіберді.
81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар бірінші айналымда бельгиялық Сами Чучиден жеңілді.