Қазақстан футболы

Өзбек клубы оқу-жаттығу жиынында «Қайратпен» ойнаудан бас тартты

Өзбек клубы оқу-жаттығу жиынында «Қайратпен» ойнаудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстандық «Бунёдкор» Алматыда жоспарланған оқу-жаттығу жиынына келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Қазақстанға барғымыз келді, екі матчты талқыладық. Бірақ шетелде тағы екі матч жоспарлап жатқандықтан және ойыншылар оңтайлы формада болмағандықтан, ақшаны үнемдеп, оны басқа мақсаттарға пайдаланғымыз келді. Қазақстанға сапарымызды тоқтаттық», – дейді клуб директоры Азиз Хайдаров.

«Бунёдкор» Алматыдағы «Қайрат» базасында 2023 жылғы маусымға дайындық үшін алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қазақстандықтармен екі бақылау матчын өткізбек болды. Кездесулер желтоқсан айының соңында өтуі керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0