Jerusalem Masters 2022 турниріне кімдер қатысады

20 желтоқсанда Иерусалимде дзюдодан Jerusalem Masters 2022 халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапында мына спортшылар өнер көрсетеді:
Ерлер: Елдос Сметов, Бауыржан Нарбаев, Мағжан Шамшадин (барлығы – 60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін), Жансай Смағұлов (73 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Дидар Хамза ( 90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін).
Әйелдер: Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Севара Нишанбаева (57 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіге дейін).