русский язык
Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» Нидерланд құрамасының шабуылшысы үшін 50 млн еуро төлеуге дайын

«Манчестер Юнайтед» Нидерланд құрамасының шабуылшысы үшін 50 млн еуро төлеуге дайын

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» Нидерланд құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо үшін 50 млн еуро төлеуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Telegraph мәліметінше, аталмыш клубтың бас бапкері Эрик тен Хаг Гакпоны команданың басты трансферлік мақсаты деп есептейді.

Биылғы маусымда 23 жастағы шабуылшы ПСВ клубы және ел құрамасы сапында барлық жарыста 18 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

Коди Гакпо Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында бес матчта үш гол соғып, көзге түсті. Мамандар ол «Манчестер Юнайтед» клубымен келісімшартты үзген Португалия шабуылшысы Криштиану Роналдуды алмастыра алады деп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;