«Замандастар» сериалының актері кәсіпқой-рингтегі дебютінен кейін мәлімдеме жасады

Белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде ирандық Амир Яраниді жеңгеннен кейін алға қойған жоспарын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Ол ММА-да өзін жеңіп кеткен өзбекстандық Одилхон Камоловпен (2-2) қайта кездесуге ниетті екенін айтты.
«21 желтоқсанда ОКТАГОН турнирінде жекпе-жек өткіземін. Қаңтармен ақпанда түсірілім болады. Ал наурызда Одилхонды сабаймын!» – деді 11 желтоқсанда Алматыда техникалық нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін.
Айта кетейік, биыл шілдеде өткен бірінші жекпе-жекте Тоқтар Камолов жеңіліп қалды. 21 желтоқсанда өтетін OCTAGON 38 турнирінде ол тағы бір ирандық Жабер Мирзазадамен ( 2-1) кездеседі.
Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы
Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы