Морозова әлем кубогы кезеңінің 1000 метрге жүгіру жарысында жеңіске жетті

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Калгариде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде 1000 метрге жүгіру жарысының В дивизионында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші орынды жапониялық Сумирэ Кикучи (+0,67) алды. Үздік үштікті норвегиялық Мартина Рипсруд (+0,86) түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Морозова төрт құрлық турнирінде топ жарған болатын.