Григорий Бабаян: Жоспарлы дайындықты бастадық

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян ойыншылардың оқу-жаттығу жиыны жайында
«Біз жаңа маусымға деген жоспарлы дайындықты бастадық. Астана қаласында 10-20 желтоқсан аралығында бір реттік режимде жаттығу жиынын өткізу үшін жиналдық. Бұл чемпионаттың аяқталуынан бергі ұзақ үзіліске байланысты, өйткені соңғы ойын 6 қарашада болды.
Ойыншылардың қаңтардағы оқу-жаттығу жиынына жақсы формада келіп, жаңа маусымға дайындық бойынша толыққанды жұмысты жалғастыруы үшін оларды қалыпты деңгейге келтіру маңызды».