Қазақстан футболы

«Астана» екі легионермен қоштасты

«Астана» екі легионермен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы қорғаныс шебінің екі ойыншысы - бразилиялық Брайан Гарсия мен украиналық Даниил Бескоровайныймен қоштасқанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Брайан Гарсия елордалық клубтың жейдесінде барлығы 26 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Даниил Бескоровайный астаналық клубқа 2022 жылдың басында қосылды. Бесқоровайный «Астана» сапында барлығы 28 кездесу өткізген.

Екі ойыншы да «Астананың» 2022 жылы жетінші рет Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алуына көмектесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0