Әлем футболы

Ханс-Дитер Флик Германия құрамасымен жұмысын жалғастырады

Ханс-Дитер Флик Германия құрамасымен жұмысын жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Германия құрамасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрамамен жұмысын жалғастырады.

Бұл туралы Флик Германия футбол одағының баспасөз қызметіне хабарлады. Жаттықтырушы Германия құрамасын 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына дайындайды.

"Жаттықтырушылар штаб оптимистік танытамыз. Қазір өз жерімізде өтетін Еуропа чемпионатына дайындалып жатырмыз. Біз Катарда көрсеткеннен де көп жетістіктерге жете аламыз. 2022 жылғы әлем чемпионатында мүлт кетті. Сабақ алып, қателікті қайталамауға тырысамыз», - деді Флик.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер