Бокс

Садриддин Ахмедовтың Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласы анықталды

Садриддин Ахмедовтың Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) екі жылға жуық үзілістен кейін рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 24 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Нкулулеко Мхлонго (23-10-1, 18 КО) болмақ.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының осы уақытқа дейінгі соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың қаңтарында өтіп, ол Мексикада голландиялық Стивен Даньоны (20-4-3, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер