Хоккей

Қазақстан құрамасы паралимпиадалық әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы паралимпиадалық әлем чемпионатын жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы осы күндері Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден 2022 жылғы Паралимпиадалық әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Таиландпен ойнап, 7:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Пара хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты 6-11 желтоқсан аралығында өтеді. Турнирге Қазақстан, Австрия, Ұлыбритания, Франция және Таиланд командалары қатысуда.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мұндай жарыстарға алғаш рет қатысып отыр.

Келесі кезекте қазақстандықтар Франция (8 желтоқсан), Австрия (10 желтоқсан) және Ұлыбритания (11 желтоқсан) құрамаларымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер