«Арлан» «Барыстың» бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасасты

24 жастағы шабуылшы Алексей Зубов «Арлан» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі көкшетаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Ол Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Орталық шабуылшы ретінде Алексей жастар лигасында өзін анық көрсетіп, команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол екі маусым бойы «Омские Ястребы» сапында өнер көрсетіп, 37 (13+24) ұпай жинаған.</span>
Жалпы шабуылшы Қазақстан чемпионатында 103 кездесу өткізіп, 87 (28+59) ұпай жинаған. Ойыншы осы маусымды Өскеменде бастады, «Торпедо» сапында 10 матчта 2 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ойыншымен келісім осы маусымның соңына дейін есептелген.<br /><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или