World pro-Dota 2 scene
Киберспорт

«Өз жеңісіме сенімді болдым». Биқара Sabr Алшымбай — ALAMAN Mobile Fest Free Fire чемпионатында жеңуі тұралы

«Өз жеңісіме сенімді болдым». Биқара Sabr Алшымбай —  ALAMAN Mobile Fest Free Fire  чемпионатында жеңуі тұралы
news-banner7
mobile-news-top

ALAMAN Mobile Fest жеңімпазы Биқара Алшымбай Prosports.kz тілшісіне сұғбатын беріп, өзінің жеңген кезіндегі сезімін айтып берген.

— Сәлем! ALAMAN Mobile Fest жеңгеннен кейін нені сездіңіз? Өзіңіздің жеңісіңізге сенімді болдыңыз ба?

— Иа. Жеңісіме сенімді болдым, себебі біздің тобымыз ТМД жеңіскері болды, ALAMAN чемпионы бола алмауымыз мүмкін емес еді, өзімнің ойымша.

— ALAMAN Mobile Fest финалында сіздер бірінші раундта екінші орын алып қалдыңыз. Қалған төрт раундта өзіңізді қалай жинап, жеңіске жеттіңіз?

— Жігіттерге бізде барлық шанстар бар екенін түсіндіргенім, оған қоса топтардың көбісі 5 раунды жақсы ойнауға шыдамы жоқ екенін айттым.

— Кім сіздің тобыңызда ойында көшбасшы және жалпылай көшбасшы болып келеді? Бос уақытта не істеп жүресіз?

— Көшбасшы, яғни капитанымыз ойында мен, яғни Sabr, бірақ біз бәріміз ақылдасып барып шешім қабылдап отырамыз. Бос уақытымда спортпен айналасып жүремін.

— Сіздің ойыңызша, Free Fire ойыны PUBG Mobile сияқты киберспортта дамиды ма?

— Егер осындай көп жарыстар болса неге дамымайды?! Әрине дамиды, ол біздердің қолымызда!

— Жаңа ғана Free Fire ойынынан киберспортсмен жолын таңдаған үміткерлерге не тілей аласыз?

— Барлығыңызға сәттілік, Free Fire ойнай бермей, сабақ оқып жүріңіздер! Ол дұрыс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер