Ауыр атлетика

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласындағы № 5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде ауыр атлетикадан 2008 жылғы және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ел біріншілігінің ашылу салтанаты өтті.

Бәсекеге еліміздің 19 облысы мен қалаларынан 319-ға жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.

Чемпионаттың салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және спорт вице-министірі Серік Жарасбаев, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР ҰОК Спорт дирекциясын директоры Елсияр Қанағатов, ҚР ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ашылу салтанатына спорт ардагерлері де қатысты.

Алғашқы болып ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі ниетін арнап, сәттілік тіледі.

«Өздеріңіз білесіздер, ауыр атлетика жылдан жылға қарқынды дамып келе жатыр. Біздің спортшыларымыз әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетуде. Жыл өткен сайын спорт саласына көптеп көңіл бөлінуде. Бүгінгі чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарысты ашық деп жариялаймын!», – деді Серік Жарасбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер