Испания әлем чемпионатындағы 100-голын соқты

Испания әлем чемпионатындағы 100-голын соқты

Испания құрамасы әлем чемпионаты тарихындағы 100-голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голды 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турындағы Коста-Рикаға қарсы ойында есеп ашқан жартылай қорғаушы Дани Ольмо соқты. Бірінші таймнан кейін Луис Энрике шәкірттері 3:0 есебімен ұтып жатыр.

Катарда өтіп жатқан чемпионаты Испания құрамасы үшін тарихтағы 16-шы болды. Команда тек бір рет – 2010 жылы Оңтүстік Африкада чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или