Теннис

Теннистен Қазақстан командасы UNITED CUP турнирінде өнер көрсетеді

Теннистен Қазақстан командасы UNITED CUP турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

United Cup жаңа аралас командалық турнирінің барлық 18 қатысушы командасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс 29 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Брисбен, Перт және Сиднейде (Австралия) өтеді.

Турнирдің ресми сайты турнирдің соңғы қатысушы елі Қазақстан болғанын хабарлады.

Біздің команда В квартетіне кірді, онда Польша мен Швейцария құрамаларымен шайқасады.

Беделді турнирде Қазақстанның намысын Александр Бублик, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Юлия Путинцева, Жибек Куламбаева және Гозаль Айнитдинова қорғайтын болады.

Осылайша, топтардың толық құрамы келесідей:

А Тобы: Греция, Бельгия, Болгария.

В Тобы: Польша, Швейцария, Қазақстан.

С Тобы: АҚШ, Германия, Чехия.

D Тобы: Испания, Австралия, Ұлыбритания.

E Тобы: Италия, Бразилия, Норвегия.

F Тобы: Франция, Хорватия, Аргентина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер