Қысқы

Алматыда шорт-тректен әлем кубогы кезеңі өтеді

Алматыда шорт-тректен әлем кубогы кезеңі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Халықаралық конькишілер одағынан (ISU) келер маусымда шорт-тректен екі әлем Кубогы кезеңін өткізу құқығын алды.

Алматы қаласында шорт-тректен 2022 жылдың 9-11 желтоқсан аралығында III, 16-18 желтоқсан аралығында IV әлем Кубогі кезеңдері өтеді. Бұл жарыстарда 30 елдің 250-ге жуық спортшылары бақ сынамақ.

Жарыстар Алматының «Халық Арена» мұз сарайында өтеді. Әлем кубогінде беделді спортшылар, Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаттары мен әлем Кубогтарының чемпиондары мен жүлдегерлері сынға түседі.

Ұлттық құрама командамыздың сапынан 12 спортшы бақ сынайды:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанисов

Қыздар: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Ажгалиева, Алёна Волковицкая.

Еске сала кетсек, биылғы әлем кубогінің бірінші кезеңі Монреальда (Канада) өтіп, біздің спортшылар ерлер эстафетасында күміс жүлдеге қол жеткізе алды.

Екінші кезең Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтті. Ол жарыста Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша 500 метр қашықтыққа жүгіруден екі күміс медаль еншілесе, 1000 метрге жүгіруден Әділ Ғалиахметов қола жүлдегер атанды.

Алматыдағы жарыстардан кейін шорт-трекшілер Дрезденге (Германия) аттанады. Ал биылғы маусымның шешуші әрі соңғы кезеңі Дордрехт қаласында (Нидерланды) өтеді.

Түпнұсқасы: Olympik.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер