Басқа

Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем Кубогының кезеңі аяқталды.

Семсерлесуден еліміздің әйелдер құрамасы командалық сайыста финалға жетіп, жарыс қожайыны Өзбекстанға есе жіберді. Есеп: 39-45.

Ұлттық құрама сапында Александра Тамбовцева, Виктория Кайдарова,  Ксения Тимашевская, Наталья Зинякова өнер көрсетті. Жекелей сында бақ сынаған спортшыларымыздың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.  

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0