Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Астанада отырып ойнайтын волейболдан республикалық чемпионат аяқталды. Турнирдің үшінші кезеңі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оған Астана, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанда, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда мен Маңғыстау облысынан тоғыз команда қатысты.

Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменовтің айтуынша, турнир биыл алғаш рет тікелей эфирде көрсетіліп отыр.
«Бұл шара барлық қазақстандық спорт үшін маңызды. Турнир көптен бері, жыл сайын өткізіліп келеді. Оның жиырма жылдық бай тарихы бар. Бұл бірінші рет тікелей эфирде көрсетіліп отыр.
Демеуші Jusan Bank-тің арқасында жеңімпаздарға жүлдеқоры бөлінді: бірінші орынға 1 миллион теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 250 мың теңге.
Бұл спорттың дамып келе жатқаны, оған көп көңіл бөлініп жатқаны бізді қатты қуантады. Комитет президенті Қайрат Боранбаевтың қолдауының арқасында біз үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Көптеген паралимпиадашы турнирлерден медальмен оралады.
Бұл турнирге келер болсақ, демеушілердің қолдауының арқасында дайындық барысында еш қиындық болған жоқ. БАҚ паралимпиада спорты туралы көбірек жазып, оның танымал болуына көмектескенін қалаймын», - деді Ерлан Сүлейменов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Биыл параволейболдан Қазақстан чемпионатын өткізуге Jusan Bank қолдау көрсетті. Серіктес Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры болды.
«Жалпы, біз көптеген әлеуметтік жобаны қолдаймыз, бірақ біз паралимпиадалық спортты бірінші рет қолдап отырмыз және бұл ұзақ мерзімді ынтымақтастық болады деп үміттенемін. Бұл біздің елдегі инклюзив ортаны қалыптастыруға қосқан үлесіміз», - деді Jusan Bank PR директоры Гаухар Керимова.
Отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тахауов бұл спорт түрі Қазақстанда кейінгі он жылда қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
«Отырып ойнайтын волейбол спорт түрі ретінде 30 жыл бойы дамып келеді. Әсіресе кейінгі 10 жылда даму байқалды. Біз әлемдік аренадамыз өнер көрсетіп жүрміз.
Әлемде 78 отырып ойнайтын волейбол командасы бар. Оның ішінде Иран құрамасы мықты саналады. Классикалық волейбол мен отырып ойнайтын волейболдың айырмашылығы жоқ. Ережелер бірдей деп айта аламыз. Алайда отырып ойнайтын волейболда ойын ережелері мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған.
Әр командада алты адам бар. Биыл чемпионат Jusan Bank-тің қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз».
Ақтау құрамасы турнирдің қола жүлдегері атанды. Екінші орынды Қызылорда құрамасы жеңіп алды. Бірінші орын мен алтын медальді Атырау құрамасы иеленді. Сондай-ақ төрешілер номинациялар бойынша үздік ойыншыларды анықтады. «Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша Маңғыстау облысынан келген Ерболат Алтаев марапатталды.
Атырау облысының өкілі Бауыржан Сартаев «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша марапатталды. «Үздік либерро» номинациясы бойынша Атырау облысының ойыншысы Қуаныш Тәжіков жеңіске жетті. «Үздік шабуылшы» атағын Атырау облысының өкілі Пердебай Намұратов алды. Ал «Үздік қабылдаушы» номинациясы бойынша Қызылорда облысының ойыншысы Ерік Қасқабаев марапатталды.